wrapper

Жаңалық

Сенбі, 13 Қазан 2018 00:00

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Written by 
Rate this item
(0 votes)

 

 

Қазығұрт ауданы әкімінің

2017 жылғы 6 қыркүйектегі 

№247 өкімімен бекітілген

    Сыбайлас жемқорлыққа

    қарсы стандарт туралы

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес ӨКІМ ЕТЕМІН:

1. «Қазығұрт ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Тұрғынбековке жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                     Т.Т.Телғараев

 

 

 

 

 

 

«Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

1. «Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (одан әрі – Аппарат) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес әзірленіп, аппараттың мемлекеттік қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық (іс-қимыл) ережелерін белгілейді.

2. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін асырған кезде аппараттың мемлекеттік қызметкерлеріне:

1) лауазымдық өкілеттігін орындауға байланысты жеке мақсатында азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметін пайдалануға;

2) өзі қызметте тұрған, не өзіне тікелей бағынысты немесе бақылауындағы мемлекеттік органда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;

3) кәсіпкерлік және өзге де табыс табумен байланысты әрекетті жүзеге асыруда кімге болса да, Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылмаған кез-келген жәрдем көрсетуге;

4) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен беру көзделген ақпаратты негізсіз беруден бас тартуға немесе оны кешіктіруге, дұрыс емес немесе толық емес ақпарат беруге;

5) жеке және заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы тұлғалар беру көзделмеген, ақпараты талап етуге;

6) жеке және заңды тұлғаларға, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі келтіруге;

7) кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу өкілеттіктерін, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалауды осындай қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға табыстауға;

8) өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларын орындағаны үшін, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше көзделмесе, тұлға тиісті функцияларды орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан кез келген ақша, көрсетілетін қызмет және өзге де түрдегі сыйақы қабылдауға;

9) өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларын атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілер мен оған қызметі бойынша тәуелді өзге де адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызметі бойынша қолдау көрсеткені үшін сыйақы немесе көрсетілетін қызмет қабылдауға;

10) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың жеке сипаттағы мәселелерін шешу кезінде ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдалануға тыйым салынады.

3. Өз құзыретінің шеңберінде басқару және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде аппараттың мемлекеттік қызметкерлеріне:

1) шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсетуге;

2) лауазымдық өкілеттігін орындауға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулар беруге;

3) өзінің немесе жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалануға;

4) мемлекеттік қызметке түскен және жоғарлаған кезде заңда көзделмеген артықшылықтар (тамыр-таныстық, жекжаттық) беруге;

5) мүдделердің шиеленесуіне жол беруге тыйым салынады, ал олар туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау қажет.

4. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындаған кезде:

Аппарат қызметкерлерімен әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілері туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 қазандағы №568 «Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы», №569 «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» Қаулыларына сәйкес болуы тиіс.

5. Өзге де қарым-қатынастар кезінде:

1) заңда ол үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік белгіленген теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар жасалуына жол бермеу;

2) іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық ережелерін сақтау;

3) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзушылықтарға жол бермеу немесе өзге де жөніндегі шараларды қабылдау;

4) ұжымда әріптестерінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан аулақ болу;

5) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек обьективті және анық мәліметтердә беру.

6. Аппараттың мемлекеттік қызметкерлері:

1) Қазақстан халқынының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуі, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүріне құрметпен қарауы;

2) адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы жұрт қабылдаған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы;

3) олар қабылдаған шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуі;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуі;

5) мемлекеттік мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруы;

6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін көтеруі, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды сақтауы;

7) өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға алу үшін емес себеп бермеуі, сын үшін құдалауға жол бермеуі, сыңдарлы сынды кемшіліктерді жою және өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануы;

8) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауы;

9) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуі, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануы;

10) қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауы, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы атқаруы, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануы;

11) мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрауларына толық сүйене отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауы;

12) құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуі, жоғалу, бұрмалау (жалған құжат жасау) мүмкіндігін болдырмауы, құжатты орындамау және бір құжатты қайта орындау, орындамай негізсіз қайтаруды болдырмау тиіс;

13) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік қызметшінің сыртқы түрі мемлекеттік аппаратының беделін нығайтуға ықпал етуі, жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стильге сәйкес болуы тиіс, ол ресмилігімен, ұстамдылығымен, ұқыптылығымен өзгешеленеді.

 


Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының

2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға

арналған іс-шаралар жоспарын Қазығұрт ауданында

іске асыру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына,«Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №309 қаулысына, Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 03 тамыздағы№226 қаулысын іске асыру мақсатындааудан әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Қазығұрт ауданында іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары(бұдан әрі – Жоспар) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 

2.Ауыл, ауылдық округтерінің әкімдеріжәне дербес бөлім басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) жоспарды іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;

2) жоспарда көзделген мерзімде ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.  

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А.Тұрсынқұловқа жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                     Т.Т.Телғараев

 

 

 


Қазығұрт ауданы

әкімдігінің 2018 жылғы

«28» тамыздағы №59

қаулысына қосымша

 

Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Қазығұрт ауданында іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға

жауаптылар

Орындау мерзімдері

Қаржыландыру көздері

1.

Заңнамалық актілерді:

1) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімін  енгізу;

2) жер участкелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін  оңтайландыру бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

талдау нәтижесімен аудан әкімі аппаратына ұсыныс

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

2019 жылғы

20 сәуірден кешіктірмей

талап етілмейді

2.

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша практикалық оқу құралдарын әзірлеу

практикалық оқу құралдарын әзірлеу

Аудан әкімінің аппараты, персоналды басқару жөніндегі

(кадр қызметі) бөлімшесі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

жыл сайын 1 желтоқсаннан кешіктірмей

талап етілмейді

3.

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  консультативтiк-кеңесшi органдарының отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудан әкімі аппаратының заң бөлімшесі

(дербес бөлім басшылары,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері)

жыл сайын, жарты жылда 1 рет

талап етілмейді

4.

Әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 

2019– 2020 жылдардағы

1 наурыздан кешіктірмей

талап етілмейді

5.

Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу

есеп беру кездесуін өткізу (хаттама, фото сурет)

аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық білім бөлімі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

жыл сайын,

30 сәуірден кешіктірмей

талап етілмейді

6.

ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды  күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру нәтижесімен аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі,

 

жыл сайын,

30 сәуірден кешіктірмей

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

7.

Жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне тарта және қоса отырып, жастар арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

жұмыс жоспарын бекіту

аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 

2018 жылғы 31 тамыздан

кешіктірмей

талап етілмейді

8.

Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың басшылары мен өкілдерінің сөз сөйлеулерін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру

насихаттау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жоспар, БАҚ-та мақалалар, сұхбаттар жариялау нәтижесімен аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

2018-2020 жылдардағы 31 мамырдан кешіктірмей

талап етілмейді

9.

 «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық білім бөлімі

 

2018 – 2020 жылдардағы

30 тамыздан кешіктірмей

талап етілмейді

10.

БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жарияланымдарға конкурстар өткізу

конкурс өткізу нәтижесімен аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 

жыл сайын,
20 маусымнан кешіктірмей

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

11.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-, бейнероликтерді әзірлеуді көздеу және оны трансляциялауды қамтамасыз ету 

бейнероликтерді әзірлеу және трансляциялау нәтижесімен аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 

жыл сайын

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

12.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізу

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

және ішкі саясат бөлімі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

жыл сайын

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

13.

Арнайы мониторингтік тобының Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізуін қамтамасыз ету

талдау жүргізу нәтижесімен аудан әкімі аппаратына ақпарат

Дербес бөлім басшылары,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,

1 ақпаннан кешіктірмей

талап етілмейді

14.

Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

жыл қорытындысы бойынша

жыл сайын,

15 наурыздан кешіктірмей

талап етілмейді

15.

Еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерге шаралар қабылдаумен мониторинг жүргізу

 Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Дербес бөлім басшылары,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

жартыжылдық қорытындысы бойынша

10 қаңтар мен 10 шілдеден кешіктірмей

талап етілмейді

16.

Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тарту мен жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін бойынша ұсыныс енгізу

Аудан әкімі аппаратына ұсыныс

Аудандық экономика және қаржы бөлімі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

2018 жылғы
1 желтоқсаннан кешіктірмей

талап етілмейді

17.

Ірі сауда объектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қосу мәселесі бойынша ұсыныс енгізу

Аудан әкімі аппаратына ұсыныс

Аудандық кәсіпкерлік бөлімі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

2018 жылғы
1 желтоқсаннан кешіктірмей

талап етілмейді

18.

Квазимемлекеттік сектордың ашықтығын арттыру мақсатында, оның ішінде тауарды немесе көрсетілетін қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тендерді ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты, сондай-ақ өндіруші туралы ақпаратты жариялау жолымен оның сатып алу тетігін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу

Аудан әкімі аппаратына ұсыныс

Дербес бөлімдер (Аудандық экономика және қаржы бөлімі,

аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі,

аудандық білім бөлімі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі,

 аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық ветеринария бөлімі)

2018 жылғы
1 желтоқсаннан кешіктірмей

талап етілмейді

19.

Сыбайлас жемқорлық заңнамаларын, қызметтік әдеп ережесі мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша видео-роликтер (түсіндірмелер) түсіру және оларды интернетте жариялау

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімшесі және ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесі,

аудандық ішкі саясат бөлімі

Жыл сайын

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

20.

Аудандық баспа БАҚ-да мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда арнайы айдар ашып апта сайын мақалалар жариялау

жарияланған материалдар бойынша аудан әкімі аппаратына ақпарат

Дербес бөлім басшылары,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

21.

Жергілкті атқарушы органдарының бірінші басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы авторлық мақалаларының БАҚ-да жариялануын қамтамасыз ету

жарияланған материалдар бойынша аудан әкімі аппаратына ақпарат

Дербес бөлім басшылары,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын әр тоқсанның соңғы айының 25-не дейін

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

22.

Әлеуметтік сыртқы жарнама арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған баннерлер, плакаттар әзірлеу және орналастыру

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

23.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы аудио және бейнероликтерді  қоғамдық орындарда трансляциялау

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі

Жыл сайын

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

24.

Қоғаммен кері байланысты орнату мақсатында барлық жергілікті атқарушы органдардың сенім телефондары көрсетілген ақпараттық жадынамаларды мекемелердің баршаға көрінетіндей жерлеріне орналастыруды қамтамасыз ету

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Дербес бөлім басшылары,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын

талап етілмейді

25.

Жергілікті атқарушы органдарының мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

талдау нәтижесімен облыс әкімі аппаратына ақпарат

Аудан әкімі аппаратының заң бөлімшесі

Бекітілген кестеге сәйкес

талап етілмейді

26.

Жиі кездесетін кемшіліктерді ұйымдарда талқылау тәжірибесін енгізу

талдау нәтижесімен ұсыныс аудан әкімі аппаратына ақпарат

Дербес бөлім басшылары,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын жарты жылда 1 рет

талап етілмейді

 


 

Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі

2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарынҚазығұрт ауданындаіске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы.

 

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімдері

Орындалуы

1.

Заңнамалық актілерді:

1)  жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімін  енгізу;

2) жер участкелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін  оңтайландыру бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

2019 жылғы

20 сәуірден кешіктірмей

       Қазығұрт ауданына қарасты барлық ауыл, ауылдық округтерінде жеке тұрғын-үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектің біріңғай тізілімі енгізілген.

      Сондай-ақ, жер учаскелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қазығұрт аудандық бөлімшесінен жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша өтініштер келіп түседі.

2.

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша практикалық оқу құралдарын әзірлеу

жыл сайын 1 желтоқсаннан кешіктірмей

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 19-тармағына сәйкес Оқу құралдарын Агенттік әзірлейді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттің қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 22.11.2018 жылғы №8021 хатына сәйкес, Оқу құралдарын әзірлеуге аудан әкімінің аппаратынанұсыныс жолданды.

(Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін күшейту, оның ішінде осы органдағы қызметшілер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса, бірінші басшыларды жұмыстан босату;

- мемлекеттік аппарат қызметінің айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету;

- әрбір мемлекеттік қызметші атқарған жұмысына есеп беруі тиіс;

- Қазақстанның әрбір азаматы сыбайлас жемқорлықты санадан арылтуда өз отбасынан бастау қажет)

 

3.

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  консультативтiк-кеңесшi органдарының отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау

жыл сайын, жарты жылда 1 рет

  Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 03.04.2019 жылы аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында комиссия отырысы өтіп онда «Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша ұсыныстар» және «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының Қазығұрт, Жаңабазар, Шанақ  ауылы округтерінің аппараттарында орындалуы барысы туралы»  жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары тыңдалды.        

Сонымен қатар, 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың«Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» және «Қазығұрт аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша заңдылықтың, тәртіптің сақталуы және қабылданып жатқан шаралардың жай-күйі және 2017  жылға мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын нысаналы пайдалануы туралы»,«Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарындағы мемлекеттік қызмет көрсету және кадрларды іріктеу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  заңнамалардың сақталуы туралы», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған», «Жол картасы-2020» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы барысында сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жол берілмеуін және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар туралы, «Жер учаскелерін бөлу кезінде және сауда- саттықтың аукцион, конкурстар өткізу, оның ішінде жер учаскелерін объектілердің құрылысы үшін бөлу кезінде жер, құрылыс заңнамаларының сақталуы және ашықтық пен жариялылықтың қамтамасыз етілуі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл, құқық бұзушылықтар және олардың алдын алу бағытында  қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру бойынша атқарылған шаралар туралы», « Мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, соның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу ашықтығы туралы», «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  заңнамалардың сақталуы туралы»мәселелер қаралды.

4.

Әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу

2019– 2020 жылдардағы

1 наурыздан кешіктірмей

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг тұрақты жүргізіліп келеді.

2018 жылы әлеуметтік тапсырыс арқылы «Қазығұрт ауданы тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру» тақырыбында кездесу өткізу бойынша насихаттық шаралар жұмыстары жүргізілді.

         Әлеуметтік тапсырысқа сай аудандық «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі ауыл округтерінде 18 кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіп, А5 форматтағы 200 дана парақшалар таратты, оған қоса 13 ауыл округтерінде жергілікті атқарушы орган, мәдениет, білім, денсаулық сақтау қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесулер өткізді.

5.

Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу

жыл сайын,

30 сәуірден кешіктірмей

2018 жыл  басынан білім ұйымдарында  бюджет қаражатының жұмсалуы  жөнінде  әр тоқсан сайын ата-аналар мен қамқоршылық кеңестерінің алдында 246 рет есеп берілген. Барлық мекемелердің кіре берісінде  білім мемкемелеріне қажетті қаржының мемлекеттен бөлінетіні, ешқандай қаржы жиналмау қажеттілігі туралы  және «Пара берсең , жазаланасың» тақырыбындағы жадынамалар ілініп, 8-775-869-21-21 қоғаммен кері байланыс телефоны ата-аналарға, мұғалімдер назарына ұсынылған.

6.

ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды  күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

жыл сайын,

30 сәуірден кешіктірмей

 

 

Аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан 2019 жылға әлеуметтік тапсырыс жұмыстары арқылы аудан көлемінде насихат жұмыстарын жүргізу үшін аудан бюджетінен 3 500 000 теңге, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында насихат жұмыстарын жүргізуге 300 000 теңге қаржы (жалпы қаржының 8,6 пайызын құрайды) қаралып,аудандық «Ардагерлер кеңесі» жеңімпаз атанды.

7.

Жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне тарта және қоса отырып, жастар арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

2018 жылғы 31 тамыздан

кешіктірмей

        Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспары(қоса тігіледі) 2018 жылдың 30 тамызында ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Серкебаев және жастар ресурстық орталығы КММ-і басшысы А.Байтұрсынов пен бекітілді.

8.

Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың басшылары мен өкілдерінің сөз сөйлеулерін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру

2018-2020 жылдардағы 31 мамырдан кешіктірмей

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында аудандық БАҚ-та«Қазығұрт тынысы» қоғамдық-саяси газеті және «Киелі қазығұрт» ақпараттық танымдық газетінде тұрақты мақалалар жариялануда.

(Кесте қоса тігіледі)

 

9.

 «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу

2018 – 2020 жылдардағы

30 тамыздан кешіктірмей

       Аудандық барлық 72 білім мекемелерінде «Адал ұрпақ» ерікті клубтары ұйымдастырылған.

       «Рухани – адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбиелеу контексттінде сыбайлас сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасы бойынша жоспар бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда аталған ерікті клубында 25133 оқушы мүше болып тіркелген. Мектептердің дәліздеріне «Парасатты азамат» бұрыштары жасалып, ілінген. Жыл соңына «Адал ұрпақ» ерікті клубтарының ұйымдастыруымен  501 іс шаралар мен 60 кітап көрмелері  ұйымдастырылған. Барлық мектептерде 8-9-10-11 сынып оқушылары арасында  қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың зардабы мен оның зияндылығы туралы сауалнамалар алынды, 5000 оқушыға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізудің маңыздылығы туралы  сурет байқаулары ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын анықтайтын суреттер, ұлағатты сөздер арқылы абырой, жауапкершілік, адалдық, әдептілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын ойларды көрсетеді.

 

10.

БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жарияланымдарға конкурстар өткізу

жыл сайын,
20 маусымнан кешіктірмей

       Аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған эссе конкурстары және пікір талас, брифинг турнилері ұйымдастырылуда.

11.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-, бейнероликтерді әзірлеуді көздеу және оны трансляциялауды қамтамасыз ету 

жыл сайын

       Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсынуымен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға бағытталған бейнеролик аудандағы қоғамдық орында орналасқан LED - экрандарда (орталық алаң және отбасы алеясында орналасқан)  тұрақты жариялануда.

12.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізу

жыл сайын

 Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан, әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін анықтау бойынша 13 ауыл округінде жұмысшы топтарының кездесуі өткізілген. (хаттамалар толтырылған, фотосуретер жасалған)

13.

Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

жыл қорытындысы бойынша

жыл сайын,

15 наурыздан кешіктірмей

Аудан әкімдігініңwww.uko-kazigurt.gov.kz ресми сайтында Қазығұрт ауданында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған                          іс-шаралар жоспары бойынша іске асырылуда.

14.

Еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерге шаралар қабылдаумен мониторинг жүргізу

Жартыжылдық қорытындысы бойынша

10 қаңтар мен 10 шілдеден кешіктірмей

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы №772 Жарлығымен «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «Ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру» бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан көлемінде орналасқанмемлекеттік және сектордағы жұмыс берушілердің жұмысшыларымен жасалған еңбек шарттары «enbek.kz» порталы арқылы жүргізіледі.

       Қазіргі таңда 154 мекеменің 8285 жұмыскерімен жасалған келісім шарттары тіркелген.

16.

Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тарту мен жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін бойынша ұсыныс енгізу

2018 жылғы
1 желтоқсаннан кешіктірмей

Бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тарту мен жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін бойынша ұсыныстар жоқ.

17.

Ірі сауда объектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қосу мәселесі бойынша ұсыныс енгізу

2018 жылғы
1 желтоқсаннан кешіктірмей

Қазығұрт ауданында сауда алаңы екі мың шаршы метрден он мың шаршы метірге дейінгі 2-санаттағы ірі сауда объектілері жоқ.

18.

Квазимемлекеттік сектордың ашықтығын арттыру мақсатында, оның ішінде тауарды немесе көрсетілетін қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тендерді ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты, сондай-ақ өндіруші туралы ақпаратты жариялау жолымен оның сатып алу тетігін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу

2018 жылғы
1 желтоқсаннан кешіктірмей

Қазығұрт аудандық коммуналдық меншік жалпы 13 балабақша, 4 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, 1 аудандық мәдениет сарайы 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызмет атқаруда, мемлекеттік кәсіпорындардың атқарылған қызметтері бойынша БАҚ-та жариялауды ұсынамын.

19.

Сыбайлас жемқорлық заңнамаларын, қызметтік әдеп ережесі мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша видео-роликтер (түсіндірмелер) түсіру және оларды интернетте жариялау

Жыл сайын

Департамент тарапынан дайындалған «Электронды қызметтер алу», «Түркістан адалдық алаңы» бойынша бейнероликтер аудандағы қоғамдық орында (орталық алаң, отбасы аллеясы) орналасқан LED-экрандарда тұрақты жарияланып, ауданның әлеуметтік желілерінде (Facebok)  жарияланды.

20.

Аудандық баспа БАҚ-да мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда арнайы айдар ашып апта сайын мақалалар жариялау

Жыл сайын

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жғмқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, аудандық «Қазығұрт тынысы» қоғамдық-саяси газеті ЖШС-нің бас директорына аудан әкімі аппаратынан 13.06.2018 жылғы №3357 хатымен ұсыныс беріліп, нәтижесімен «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында арнай айдар ашылып мақалалар жариялануда.

21.

Жергілкті атқарушы органдарының бірінші басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы авторлық мақалаларының БАҚ-да жариялануын қамтамасыз ету

Жыл сайын әр тоқсанның соңғы айының 25-не дейін

Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында авторлық мақалалалары аудандық БАҚ-та жариялануда.

(Кесте қоса тігіледі)

22.

Әлеуметтік сыртқы жарнама арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған баннерлер, плакаттар әзірлеу және орналастыру

Жыл сайын

        Аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан  әлеуметтік сыртқы жарнама арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жаңартылған баннерлер дайындалып 13 ауыл, ауылдық округінің көрнекіленген жерлеріне орналастырылды.

23.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы аудио және бейнероликтерді  қоғамдық орындарда трансляциялау

Жыл сайын

 Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсынуымен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға бағытталған бейнеролик аудандағы қоғамдық орында орналасқан LED - экрандарда (орталық алаң және отбасы алеясында орналасқан)тұрақты жариялануда.

24.

Қоғаммен кері байланысты орнату мақсатында барлық жергілікті атқарушы органдардың сенім телефондары көрсетілген ақпараттық жадынамаларды мекемелердің баршаға көрінетіндей жерлеріне орналастыруды қамтамасыз ету

Жыл сайын

        Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында дайындалған ақпараттық жадынамалар мелекеттік органдар ғимаратының көрнекі жерінде орналастырылған.

(Фото суреттер қоса тігіледі)

25.

Жергілікті атқарушы органдарының мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Бекітілген кестеге сәйкес

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін мемлекеттік органдардың тізімі, бағыты және кезеңі бекітіліп  13.02.2018 жылғы №12 өкімімен бекітіліп, аудан әкімдігіне қарасты  5 ауыл округі әкімі аппараттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген.

Нәтижесімен аппарат қызметшілерінің арасында Заңнан туындаған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінің талаптарын түсіндіруге бағытталған құқықтық оқулар ұйымдастыру бойынша;

елді мекендер шегінде объектілерді салу үшін жер учаскелерін беру кезінде заң талаптарын қатаң сақтауды және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеуде тұрғындардың және бизнес қауымдастықтарды тарту бойынша жұмыстарды жандандыру бойынша ұсыныстар берілген.

26.

Жиі кездесетін кемшіліктерді ұйымдарда талқылау тәжірибесін енгізу

Жыл сайын жарты жылда 1 рет

       Ауданда жиі кездесетін жұмыс барысында жіберіп алған кемшіліктер, ұйымда тұрақты түрде назарға алынып талқыланып жатады.

 

Read 949 times Last modified on Бейсенбi, 11 Сәүір 2019 05:30

Пікір қалдыру

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 33 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/