wrapper

Жаңалық

Күндер бойынша сұрыпталған: Сейсенбi, 22 Мамыр 2018

Қазығұрт аудан орталығында екі аптаға созылған Адал жол марафон аясында 200 – ге жуық түрлі іс – шара ұйымдастырылып бүгінде өз мәресіне жетті. Қоғам дерті – жемқорлықпен күресте барлық іс-шара формасының маңызды екенін аудан басшылары жиналған қауымға айта келе «Адал жол» марафонын өткізіп, бір-біріне жемқорлықтан асқан қауіпті індет жоқ екенін тілге тиек етті. Орталық алаңда концерттік бағдарламалар мен спорттық іс шаралар ұйымдастырылып, эстафета тізгінін Сайрам ауданының азаматтарына табыс етілді. «Адал жол – честный путь» марафоны - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бастамасы басталған болатын енді көрші аудандар одан әрі жалғастырмақ

Қасиетті мекен Қазығұрттың болашағы кемел болмақ. Себебі, ауданның жастары білімге құмар, өмірге құштар. Түрлі сайыстарда белсенділік танытып, жүлделі орындардан көрінеді. Сондай жарыстардың бірі 8–ші «Үміт» форумы деген атаумен өтті. Оған ауданның 71 мектебінен үздіктер қатысты.

ОҚО ӘКІМІ ҚАЗАҚСТАН-ӨЗБЕКСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫНА КЕЛГЕН ӨЗБЕКСТАН ДЕЛЕГАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

 
 
2205/18
 

Бүгін Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Өзбекстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам Икрамов пен Сыртқы сауда министрінің орынбасары Сохиб Сайфназаров бастаған делегацияны қабылдады.

Қасиетті Рамазан айында алғашқы бірлескен іскерлік кеңестің бірінші кездесуі мен бизнес-форумның Оңтүстік жерінде өткізіліп жатқанына қуанышты екенін жеткізген облыс әкімі өзара іс-әрекеттер жақын болашақта өз нәтижесін береріне сенім білдірді. «Біздің облыс Өзбекстанмен шекаралас, бұл аймақ үшін де бүкіл ел үшін де өте маңызды фактор болып табылады. Бұл өз кезінде экономиканың барлық салаларында екі жақты қатынастарды дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан мен Өзбекстан мемлекет басшылары 2018 жылды Қазақстандағы Өзбекстан жылы деп жариялады. Бүгінде біздің аймақ пен Өзбекстан арасында шекаралық ынтымақтастық дамып келеді. 2017 жылдың 15-16 қыркүйегінде Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы өтті. Аталған жиынға Оңтүстік Қазақстан облысынан 150-ден астам мемлекеттік және жеке ұйымдар қатысты. Форум барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Ташкент, Сырдария және Джизак облысы әкімдерінің арасында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын»,-деді аймақ басшысы.

Өзбек делегациясымен болған екіжақты кездесуде сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытып, тауар айналымды арттыруға бағытталған бірлескен жүйелі жұмыстарды атқару жайы сөз болды.

Өз кезінде мәртебелі мейман Адхам Икрамов екі елдің ғасырдан бері жалғасқан достық қарым-қатынасы одан әрі жандана түсетінін айтып, бүгінгі өтіп жатқан іскерлік жиында ОҚО кәсіпкерлері мен өзбекстандық бизнесмендер арасында сауда-экономикалық байланыс нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.

Өзбекстан - Орталық Азиядағы Қазақстанның ірі сауда серіктесі. 2018 жылдың бірінші тоқсанында елдер арасындағы сыртқы сауда айналым өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50 пайызға артқан. Ал жыл соңына дейін екіжақты сауданың көлемін 3 миллиард АҚШ долларына дейін арттыру жоспарлануда. Сөз соңында облыс әкімі өзбек компанияларының Оңтүстік өңірінде бизнесті дамыту бойынша бастамаларына толық қолдау көрсетуге әзір екендігін айтты.

Айта кетейік, 11-12 мамыр күндері Шымкент қаласында «Оңтүстік Қазақстан-Өзбекстан» тоқыма өнеркәсібі өнімдерінің бірлескен көрмесі өткен болатын. Көрмеге тоқыма, киім және теріден жасалған өнімдер, фармацевтика, жиһаз, сувенирлер, спорттық тауарлар мен ойыншықтар өндіретін оңтүстікқазақстандық және өзбекстандық 60-қа жуық кәсіпорындар қатысқан.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 38 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/