wrapper

Жаңалық

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында 7 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 300 орындық К.Үкібаев пен Қ.Қайсенов атындағы мектептер, 200 орындық бес бірдей С.Датұлы, Мақтажан, Қ.Абдалиев, Қ.Аманжолов, Т.Бигелдинов атындағы мектептер жаңадан салынып, оқушылары көп күтпей заманауи ғимаратта білім нәрімен сусындайтын болады.

Бұл білім нысандарының 2-уі биылдан қалмай пайдалануға берілсе, 5-уі келесі жылға өтпелі. Кеңесшіл ауылындағы 300 оқушығы арналған К.Үкібаев атындағы мектеп пен Атамұра елдімекеніндегі Қ.Қайсенов атындағы 300 орындық мектеп жыл соңына дейін ел игілігіне берілетін болады.

Бұдан бөлек, ауданда көптеген әлеуметтік нысандардың құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірлену үстінде. Мәселен, биыл 3 мектептің және 1 спорт кешенінің, Мырзакент кенті әкімі аппараты ғимаратының, 2 мәдениет үйі мен 1 кітапхананың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда.

Айта кетерлігі, бұған дейін Мақтаарал ауданын құрылыс нысандарының ордасына айналдыру үшін 40 шақты жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленген болатын. Оның ішінде аудан орталығы Мырзакент кентіндегі орталық стадионды қайта құру, Мақтаарал ауылдық округі Азаттық елдімекенінде ипподром салу жобалары да бар.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 32 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/