wrapper

Жаңалық

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан, қалалардың бас имамдарымен кездесті. Басқосуда дін саласы бойынша пікір алмасып, діни тұрақтылықты нығайту мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы дін қызметкерлеріне қоғамдағы тыныштықты сақтаудан бөлек, өңірдің руханиятын арттыруды да қолға алу керектігін айтты.

«Облысымызда насихат жұмыстары жүйелі түрде жүру қажет. Өңірдегі тұрақтылық басты назарда болуы тиіс. Жат ағымдармен күрес жұмыстары толастамау керек. Жалпы алғанда, Түркістан – ілімнің, діннің, тарихтың орталығына айнала бермек. Бұдан өзге, имамдар бабамыз Қ.А.Ясауи туралы білімдерін жетілдіріп, азаматтарға сол туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы абзал. Себебі, Ясауидың тарихын кесенеге келген зиярат етушілердің бірі білсе, бірі біле бермейді. Рухани азық алуда халық көбіне сіздерге жүгінеді», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Өз кезегінде имамдар дін саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы және бірқатар мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді. ҚМДБтөрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаевтың айтуынша, қазір басқарма 4 негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді.

«Діни басқарманың негізгі бағыттары: уағыз-насихат, оқу-ағарту, қайырымдылық, жат ағымдармен күрес жұмыстары. Мәселен, «Әрбір жұма күні барлық мешіттерде муфтият бекіткен тақырып бойынша уағыз-насихат жұмыстары жүреді. Имамдарымыз ұдайы біліктіліктерін арттырып тұрады. Діни басқарма қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырып келеді. Мәселен, Түркістан облысында өткен жылы аз қамтамасыз етілген 12 отбасыға пәтер табысталды. Ал, жат ағымдармен күрес бойынша көпшілік қауымға насихат толастаған емес. Қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту мақсатында өңірдегі мешіттерде және түзету мекемелерінде 2500-ден астам кездесу ұйымдастырылып, онда 100 мынан аса адам қамтылды», - деді Алау Шайқымұлы.

Сондай-ақ, жиын барысында өңіріміздің кейбір елдімекендерінде мамандардың жетіспеушілігі сезіліп жатқаны айтылды. Бұл мәселені имамдар әлеуметтік мәселелермен байланыстырады.

Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы аталған мәселелерді оңды шешу үшін тиісті шаралар қолға алынатынын айтты. Яғни, имамдарға пәтер және оларға жалақы беру мәселесі қаралмақ. Сондай-ақ, қалталыазаматтарға халыққа қажетті әлеуметтік нысандарды салып беру де сауапты іске жататындығын атап өтті.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 42 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/