wrapper

Жаңалық

Соңғы жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АРЫСТАҒЫ ЖАҒДАЙМЕН ТАНЫСЫП, ТИІСТІ КӨМЕКТІ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға қатысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнына келіп, жағдаймен танысты.

Ел басшысына жағдайды баяндаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы штаб құрылып, қала тұрғындарының жаппай көшірілгенін хабарлады.

Арыстағы жарылыстан кейін қаланы толықтай облыс әкімінің өзі аралап шыққан. Атап айтқанда, балалар бақшасы, қалалық аурухана, аудандық ішкі істер бөлімі ғимараты, тұрғын үйлерді өз көзімен көріп, келтірілген шығынды есептеуді тапсырды.

Жақын орын тепкен ауылдық округтер мен аудан орталықтарында 15 эвакуациялық бөлімшелер ашылды. Эвакуациялық бөлімшелерінде тіркелген адам саны – 2218. Зардап шеккендер ас-ауқатпен және уақытша баспанамен қамтамасыз етілді.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетовтың басшылығымен Ордабасы ауданы, Ақжол ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектепте және Арыс қаласында қала әкімі Мұрат Қыдырбековтың басшылығымен екі штаб ашылды. Штаб құрамына облыс және қала әкімдігінің басқармалары мен жедел қызмет жұмылдырылды.

Сондай-ақ Ордабасы және Отырар аудандарында 2 госпиталь да жұмыс істеуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, Арыс қаласында зардап шеккендер саны 52-ге жетті. Оның 34-і ауруханаға жеткізілді. Үш адам ауыр жарақат алса, бір адам қайтыс болды.

Бөген суқоймасы үнемі бақылауда болғандықтан, одан келер қауіп жоқ.

Қазіргі таңда арыстықтарға көмек көрсету мақсатында, облыс әкімдігі жанындағы «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорының есеп-шоты ашылды.

Атап өтейік, Арыстағы жарылыс бойынша 24 маусым сағат 09:20-да өрт сөндіру қызметіне Арыс қаласындағы №44856 әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің басшылығымен шұғыл топ құрылып, Арыс қаласына барып тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Толығырақ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ

Ағымдағы жылдың 25 маусым күні сағат 11-де 44859 әскери бөлімінің аумағында өрт ошағы жалғасуда (ә/б аумағы 2700 га құрайды, онда 89 оқ-дәрі қоймасы орналасқан, сақтау орындарының ауданы 150 мың шаршы метрден астам.)

ТЖ салдарын жоюға жеке құрамнан 36 адам және 40 бірлік техника жұмылдырылды. Аталған оқиға бойынша мониторинг жүргізіліп, іс бақылауға алынған. Дегенмен, Арыс қаласының 7600 тұрғын үйінің әйнектері сынған, 80-85% үйлердің шатырына зақым келген.

Қала аумағын түні бойы Ұлттық ұланның 580 жауынгері мен345 полиция қызметкері күзетті. Олар қарақшылық фактінің алдын алып, 3 жергілікті тұрғынды ұстады.

Облыс денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, зардап шеккендер саны 60 адамды құрады. Бұл көрсеткіш әлі де нақтылануда.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін облыс әкімдігі жанындағы «Түркістан» әлеуметтік даму Корпоративтік қорының шоты ашылды.

Арыс қаласының тұрғындарына қаржылай көмек қолын созамын дейтін азаматтар үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорында арнайы есеп-шот ашылды.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері:

Түркістан облысы

Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,

Пошта индексі 161200

БСН (БИН) 100440016000

«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540

БСК (БИК) IRTYKZKA

Осы есеп-шот жариялана салысымен Арыс жұртшылығына қайырымдылық жасауды жөн көрген азаматтар бірден іске кірісті. Қазір арыстықтарға көмектескісі келетін кез келген азамат жоғарыдағы есеп-шотқа ақша аудара алады.

Бүкіл ел бойынша Шымкент қаласында орталықтандырылған жинау және қайта бөлу үшін гуманитарлық көмек жинау жүріп жатыр. Арнайы пункт ашылды, мекен-жайы: Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ынтымақш/а, құрылыс592/3, блок №7. Бұл біздің қойма (байланыстағы тұлға Нурсаин 8 705 888 -78-28).

Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰНЫ 25 МЛН. ТЕҢГЕ БОЛАТЫН ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ ТЕГІН ҰСЫНДЫ

Кәсіпкерлер Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде тегін дәрі-дәрмектерін ұсынды. Дәрілік препараттардың жалпы құны 25 млн. теңгені құраған. Бұл туралы төтенше жағдайдың зардаптарын жою штабында Түркістан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Қазіргі таңда «Еврофарма», «Зерде», «№5 аптека», «Экофарма», «Асылфарм», «Мұратфарм» мекемелері дәрі-дәрмектерін тегін беріп, қайырымды іс жасап отыр. Бұл негізінен алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған түрлі препараттар. Дәрілер Арыс қаласында орын алған жарылыстан зардап шекен азаматтарға емдеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ауруханалар мен эвакуацияланған пунктерге жеткізілді», – деді Нұрбек Нышанов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев игі іске мұрындық болған азаматтарға алғысын білдірді. Оның сөзінше, ауруханаларда жатқан аурулар 100 пайыз тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған.

Айта кетейік, 70 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған. Оның 4-еуі ауыр халде жеткізілген. Барлық науқастың жағдайы бақылауға алынған. Шымкент қаласы мен Жамбыл облысынан қосымша медициналық жедел жәрдем жұмылдырылды. Одан бөлек, республикалық санитарлық авиациямен келген дәрігерлер қызмет көрсетуде.

Толығырақ

АРЫСТЫҚТАР ҮШІН «ТҮРКІСТАН» КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ҚОРЫНА 213 МЛН. ТЕҢГЕ АУДАРЫЛДЫ

Арыстағы оқиға қоғамды ізгілік жолында біріктірді. Облыстан ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен отандастарымыз арыстықтарға көмек қолын созуда. Кеше, 2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысында«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорында арнайы есеп-шот ашылған болатын.

Екі күн ішінде аталған қорға республикамыздың түкпір-түкпірінен отаншыл және жомарт жүректі азаматтар қаржыларын аударып жатыр. Мемлекеттік мекемелер, жеке компаниялар және көптеген ұжымдар тарапынан қаржылай және гуманитарлық көмектер жолдануда. Бүгінгі, яғни, 25 маусымдағы мәлімет бойынша қорға түскен қаржы көлемі 213 млн. теңгеге жетті.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері:

Түркістан облысы

Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,

Пошта индексі 161200

БСН (БИН) 100440016000

«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540

БСК (БИК) IRTYKZKA

Карта «Halyk Bank»: 4031 6708 2224 4526 (Kaspi Bank-тің жүйесі бойынша ақша аударуға мүмкіндік қарастырылған)

Арыстықтарға көмектескісі келетін кез келген азамат жоғарыдағы есеп-шотқа ақша аудара алады.

Әсіресе, Шымкент қаласы әкімдігі және тұрғындары тарапынан айрықша қолдау көрсетілуде. Шымкент қаласында арыстықтар үшін материалдық және гуманитарлық көмектерді қабылдайтын бекеттер ашылды. Олар Абай ауданы, «Ынтымақ» шағынауданындағы 592/3 көліктік логистикалық орталықта және Н.Назарбаев даңғылындағы «Көрме» орталығында орналасқан.

Қазіргі таңда аталған бекеттерге Қарағанды облысынан 3 тонна азық-түлік және тұрмыстық заттар жеткізілді. Жамбыл және Қызылорда облыстарынан гуманитарлық көмек келе жатыр. Сонымен бірге жеткізілген жүкті, азық-түлік пен көмекті Түркістан облысы мен Шымкент қаласында орналасқан қабылдау орталықтарына бөлу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға еріктілер тартылған.

Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен құрылған қорға түскен қаржы жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарының мұқтаждығы үшін жұмсалады.

Толығырақ

АРЫС: АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

Бүгін Түркістан облысы және Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің мүшелері бас қосты. Шымкент қаласындағы ардагерлер үйінде жиналған 40-тан аса жуық абыз ақсақалдар24 маусым күні Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Қазақстан халқына Үндеу жариялады.

«Біз, ардагерлер қауымы, Сіздерді алдағы уақытта да осы сабыр мен ынтымақ – бірліктен ажырамауға шақырамыз. Әртүрлі жел сөз бен арандатуға ермеңіздер, жалған ақпараттар таратпаңыздар. Аз ғана сабыр етсек, бәрі оңалады, қалпына келеді. Біз, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының, сондай-ақ бүкіл Қазақстанның халқың Арыс қаласын қалпына келтіруге, ондағы тұрғындардың қалыпты өмірге оралуына қолдан келгенше көмектесуге шақырамыз». Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Ел басына күн туған осынау қиын-қыстау кезеңде бәріміз бір үйдің баласындай, бір қолдыңсаласындай болып, жұдырықтай жұмыла әрекет жасайық. Бұл ісіміз өскелең ұрпаққа үлгі болсын!» делінген үндеуде.

Арыста орын алған жағдай – халқымыздың басына түскен сынақ екені анық. Осы тұста, өңір ардагерлері халқымызды сабырға шақыра отырып, ел басына туған ауыр жағдайданынтымақпен, имандылықпен, берекесі жараса әрекет етуге үндеді.

Басқосуда ардагерлер кеңесінің мүшелері, ел зиялылары О.Рахманбердиев, Б.Қонысбек, М.Байғұт, И.Тұрсынқұлов, Л.Бәшенов, Т.Әбдіқайымұлы сөз алып, қазіргі таңда уақытша бекеттерге жайғасқан арыстықтарға басу айтты. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының осы батыл әрекеттеріне, қиын сәтте танытқан қолдауы мен қамқорлығына Түркістан облысы мен Шымкент қаласының халқы дән риза екендіктерін жеткізді.

Сондай-ақ жиында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ардагерлері де Арыстағы ағайынға көмек қолын созу үшін, арнайы комиссия құрып, қаражат жинауды бастап кетті.

Толығырақ

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ПРЕСС-ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты өңір журналистеріне қаланың бүгінгі жай-күйімен танысу және өзге өңірлердегі халықтың алаңдаулы сауалдарына жауап беру мақсатында пресс-тур ұйымдастырылды.

Арыстың қазіргі жағдайын өз көзімен көруге 20-дан астамреспубликалықжәне өңірлік БАҚ-ның өкілдері мен әлеуметтікжелі белсенділері арнайы келді.

Жарылыстан қираған нысандар мен зардап шеккен әлеуметтік нүктелерді аралату барысында журналистермен бірге Түркістан облысы полиция департаменті әкімшілік басқармасының басшысы, полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков және Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Жунусов Нұрғали Сырлыбайұлы бірге жүріп, қысқаша мәлімет берді.

Нұрғали Сырлыбайұлының мәліметінше, қазіргі таңда 3566 адам, эвакуацияланса, 1946 адам эвакуациялық бөлімшелерінде орналастырылған. «Қалаға әзірге кіру мүмкіндігі жоқ, біз тек журналистер көзін жеткізу үшін нысанға кіргізуге рұқсат алдық. Себебі, бұл жерде қауіпті жағдай басылмаған, саперлер жұмыс жасауда», деп атап өтті Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

Сондай-ақТүркістан облысы полиция департаменті әкімшілік басқармасының басшысы Алмасхан Тастанбеков қазіргі таңда 1000-ға жуықпатруль қызметі жұмыс істеп жатқанын және қала бойынша 6 блокпост қойылғанын мәлімдеді.

Атап өтейік, ТЖ салдарын жоюға жеке құрамнан 36 адам және 40 бірлік техника жұмылдырылды. Аталған оқиға бойынша мониторинг жүргізіліп, іс бақылауға алынған. Дегенмен, Арыс қаласының 7600 тұрғын үйінің әйнектері сынған, 80-85% үйлердің шатырына зақым келген.

Қала аумағын түні бойы Ұлттық ұланның 580 жауынгері мен345 полиция қызметкері күзетті. Олар қарақшылық фактінің алдын алып, 3 жергілікті тұрғынды ұстады.

Арыстың бүгінгі жай-күйін өз көзімен көрген журналистер фото-видеоға түсіріп, қалың бұқараға жеткізуде объективті ақпарат беретіндерін жеткізді.

Толығырақ

АРЫС ҚАЛАСЫ МАҢЫНАН АРНАЙЫ ЖЕДЕЛ ШТАБ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Қазіргі таңда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданы Ақжол ауылында орналасқан Жамбыл атындағы мектепте арнайы штаб жұмыс істеуде.

Негізгі мақсат – бір орталықтан штабтың жұмысын үйлестіру, Арыс қаласы бойынша атқарылған жұмыстарды жоспарлау. Штабта қазір ҚР Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев, облыс әкімі Ө.Шөкеев, облыс прокуроры Н.Әбдіров, аудан, департамент, басқарма басшылары бар. Сондай-ақ, полиция, қорғаныс, БАҚ қызметкерлерінен құралған топ тәулік бойы штабта жұмыс істеуде.

24 маусымда Арыс қаласындағы 3 орында жиналу пункттері ашылған болатын. Ақдала, 41 разъезд және Водозабор деп аталатын аумақтарға жиналған тұрғындарды әскери көліктер мен автобустар қауіпсіз аймақтарға көшіріп үлгерді. Жалпы саны эвакуациялау жұмыстарына 100-ден астам көлік жұмылдырылып отыр.

Қала аумағын тәулік бойы ұлттық гвардияның 580 сарбазы мен 345 полиция қызметкері күзетуде.

Толығырақ

ЖАРЫЛЫСТАН ЖАПА ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Түркістан облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, "Оңтүстік" АИО және "Палантрейд" компаниясы бірлесе отырып,Арыс қаласындағы жарылыстан жапа шеккендерге көмек көрсетті. Аталған мекемелер арыстықтарға 4000 дана консерві және тушенка жөнелтті.

Сондай-ақ оқиға орнына жанар-жағармай толы бензовоз көлігін аттандырды.

Толығырақ

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 49 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/