wrapper

Жаңалық

Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

Құрметті қазығұрттықтар!

7-ші мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.
Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шын жүректен бақыт пен татулық, әр отбасыға бақ-береке тілеймін. 
Ардагерлеріміздің дені сау болып, сарбаздарымыз бен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін.
Тыныштық пен береке-бірлік салтанат құрған егемен елімізде бейбіт күніміз ұзағынан сүйіндірсін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ізгі ниетпен,
Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев.

Толығырақ

Қазығұрт ауданында мемлекеттік маңызы бар бағдарламалардың шарапатын көруде

. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында. Ауыл тұрғындарының тұрмысы түзелді. Несие алып, өз кәсібін ашқандардың қатары артқан. Бірісі мал бордақыласа екіншісі шағын тігін цехын ашып напақасын табуда.

Толығырақ

Құрметті Қазығұрт ауданының тұрғындары! 

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі, ал бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы болып табылады. Сондықтан бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға сүйіспеншілік сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі болып табылады. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті.
Құрметті жерлестер! 
Сіздерге шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбастарыңызға аманшылық пен шаттық тілеймін! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! 
Қазығұрт аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы Телғараев

Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕЛЕРІ ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНДЕ

Ағымдағы жылдың 18-19 сәуір күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау мен бағалауды іске асыру жөніндегі Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшелері Ғ.Байтук, Ы.Тұрсынзада, сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (әрі қарай - Агенттік) Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры А.Бердалин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директоры орынбасарының міндетін атқарушы Д.Смағұлов, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау басқармасының басшысы М.Байсалов Оңтүстік өңіріне               іс-сапармен келді. 

Басты мақсат - қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту, қоғамдық бақылау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болып табылады.

18 сәуір күні Республикалық арнайы мониторингтік топ бірқатар мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің жұмысымен танысып, мемлекеттік қызметшілермен, этномәдени орталықтардың өкілдерімен де кездесті.

Бірінші кезекте Арнайы мониторингтік топ мүшелері облыстық аурухананың жұмысымен танысып, көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты халықтың пікірін тыңдады. Сондай-ақ, көпшіліктің сұранысы бойынша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ОҚО өндірістік филиалының басшылығымен кездесті. 

Әрі қарай, жұмысшы топ Қазақстан халқы ассамблеясында облыстық арнайы мониторингтік топтың мүшелерімен, этномәдени орталықтардың төрағаларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ғалым Симбекұлы, Ырза Тұрсынзада Арнайы мониторингтік топтың қызметіне, атқарылған жұмыстарына тоқталып өтсе, Агенттіктің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға кеңінен тоқталды. 

Іс-шарада облыстағы этномәдени бірлестіктердің жай-күйімен таныстырған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі М.Қалмұратов, келген қонақтарға этномәдени бірлестіктердің өкілдері атынан алғыс білдірді.

Іс-сапар барысында облыс жастары арасында өткен пікірсайысқа қатысқан  республикалық Арнайы мониторингтік топ мүшелері бүгінде Қазақстандық жастар бейбіт өмірде өмір сүріп жатқанын атап өтіп, Елбасы үміт артқан жастарды барлық жағынан белсенді болуға шақырды. 

Жұмыс сапарын жалғастырған Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері мен Агенттік қызметкерлері Шымкент қалалық фронт офисі мен №24 жалпы орта мектептің жұмысымен танысты. 

Одан әрі, облыстағы барлық мемлекеттік органдардың басшыларымен, аудан, қала әкімдері мен Әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесіп, Агенттік қызметкерлері Агенттіктің негізгі жұмысы қызметшілерді жазаға тарту емес, керісінше бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталғанын жеткізді. 

 «Сіздерді өз тараптарыңыздан өздеріңіз басқарып немесе қызмет атқарып отырған мемлекеттік органдарыңызда өзгерістер идеясын белсенді насихаттауға, өздеріңіз ұсынған Жобалық менеджерлерге қолдау көрсетіп, ой-өрістеріңізбен бөлісіп және осы «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамын» деді Департамент басшысы Әли Амантайұлы.

Осыған байланысты, 8,5 мыңнан аса мемлекеттік қызметшілер және білім, денсаулық саласының 105 мыңнан аса мамандары  бүгінгі таңға ХҚКО бармай сұранысқа ие қызметтерді электронды түрде алып жатқандығын хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық, аудан,қалалық арнайы мониторингтік топ құрылған. Оның құрамына азаматтық қоғам институттары, белгілі қоғам қайраткерлері мен танымал блогерлер енген.

Арнайы мониторингтік топ мемлекеттік пен қоғам арасындағы байланыстырушы көпір ретінде қызметтің барлық салаларында азаматтық бақылауды жүзеге асырады.

 

Толығырақ

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/