wrapper

Жаңалық

Спорт

23 маусым-мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау аясында,

23 маусым-мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау аясында, отбасы құндылықтарын, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің және олардың жанұясы арасында «Әкем, анам және мен спорттық жанұя» спартакиадасы өтті.
Спартакиадаға 6 команда: «Шарбұлақ», «Барыс», «Болашақ», «Бәйтерек», «Жасұлан», «Нұр» қатысты.
1-орынды «Нұр» командасы(Шанақ ауылы округі әкімі аппаратының бас маман-заңгері Н.Нұрқұловтың жанұясы)
2-орынды «Болашақ» командасы (аудандық білім бөлімінің бас маманы Б.Орынбаевтың жанұясы)
3-орынды «Шарбұлақ» командасы иеленді (Шарбұлақ ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Рыскуловтың жанұясы)

Толығырақ

ЖАСТАР ЕЛ ҚОРҒАНЫ

Мектеп оқушылары арасында 5 күндік далалық оқу-жаттығу жиыны басталды. Бес күндік далалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - қарулы күштердің мәртебесін арттыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелей отырып патриоттық рухтарын күшейту. 5 күндік далалық оқу-жаттығу жиынында спорттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылып алғыс хаттармен марапатталды.

Толығырақ

«Жемқорлыққа жол жоқ» атты ұранымен мекемелер арасында кіші футболдан аудандық жарыс өткізілді.

Қазығұрт аудандық орталық спорт алаңында «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай «Жемқорлыққа жол жоқ» атты ұранымен мекемелер арасында кіші футболдан аудандық жарыс өткізілді. Жарысқа аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен ауыл округі әкімі аппараттарынан құралған 15 команда қатысты. Командалар 3 топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті.

Толығырақ

ҚР спорт шебері Арғынбай Кенжебаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында ХV-ші облыстық жарыс болып өтті.

Қазығұрт ауданындағы спорт сарайында аудан спортының дамуына еңбегі сіңген, ҚР спорт шебері Арғынбай Кенжебаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында ХV-ші облыстық жарыс болып өтті. Жарысқа жалпы 13 команда 200 жуық спортшылар қатысты. Командалар өзара бақ сынасып, І-орынды Қазығұрт ауданының командасы жеңіп алса, ІІ-орынды Шымкент қаласының командасы иеленді, ІІІ-орынды Бәйдібек ауданының командасы місе тұтты. Жүлделі орынға ие болған командалар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубок, грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Толығырақ

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/