wrapper

Жаңалық

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету "электрондық үкіметтің" веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүзеге асырылады.

Өз кезегінде, «Электронды үкімет» веб-порталына тіркеліп, электрондық қызметті алу үшін –әрбір азаматқа электрондық цифрлық қолтаңба қажет.

«Электрондық сандық қолтаңба»  (бұдан әрі-ЭСҚ) дегеніміз — электрондық сандық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық сандық нышандар жиынтығы. Жалпы, қарапайым тілмен айтқанда, біздің күнделікті қағаз құжатқа қойып жүрген қолтаңбамыздың электронды түрі. ЭСҚ-ның қағаз түріндегідей заңды күші бар, яғни, қағазға қойылған қолтаңбаңыз бен электронды цифрлы қолтаңбаңыздың заңды күші бірдей деген сөз.

Яғни, ЭСҚ арқылы қызмет алу өте тиімді. ЭСҚ мүмкіндіктеріне сүйене отырып, жеке немесе заңды тұлғалар мемлекеттік мекемелерден тиісті анықтамаларды ала алады.

Мысалы: дәрігердің  қабылдауына  жазылу,  дәрігерді үйге шақыру, балаңызды балабақшаға кезекке тұрғызу, бала тууды тіркеу, тұрғын үй көмегін дайындау, жұмыссыз азаматтарға анықтама беру, ветеринариялық анықтамалар беру, жылжымайтын мүлкіңіздің бары немесе жоқтығы туралы анықтама, мекен-жай анықтаманы, салымшының зейнетақы аударымдары туралы анықтама, сотталған немесе сотталмаған туралы анықтамаларын т.б қызметтерді алу үшін мемлекеттік органдарға немесе ХҚКО-на барып кезекте тұрмай-ақ, әр-бір азамат өз үйінде отырып интернет арқылы алуға болады.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша депаратменті басшысының орынбасары А.Шілмановтың 21.11.2017 жылғы №26-26-03/4334 хатында, Облыс әкімінің төрағалығымен 2017 жылдың 9 қарашасында өткен «Әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия» отырысының  №2 хаттамасымен мемлекеттік орган басшыларына бір қатар тапсырмалар берілген.

Атап айтқанда хаттамаға сәйкес:

        1. Мемлекеттік орган басшылары өз қарамағындағы және бағынысты мекемелердегі қызметкерлердің «е-gov» порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді алдағы уақытта электронды түрде алуын белсендіру жұмыстарын жүзеге асыруды; 

       2. Мемлекеттік органдардың басшылары баламалы түрде көрсетілетін қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесіп, Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуін қамтамасыз етуді;

   Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылып, құжаттардың мерзімі мен тізбесі қысқартылып, қайталанатын рәсімдерді жою қажеттілігі көрсетілген.

Яғни, адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру көзделген.

Осы орайда, тұрғындар арасында электрондық үкіметтің веб-порталы «egov.kz» арқылы мемлекеттік қызметтерді алуын кең ауқымды насихаттау жұмыстарын жүргізу қажет.

Бұл өз кезегінде, мемлекеттік қызметтерді мерзімінде алуға, қағазбастылықтан арылтуға, қызмет көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруға, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын себептер мен тәуекелдерді төмендететіні анық. 

Осыған орай, электрондық үкімет порталында ұялы телефон нөміріне жолданған бір реттік парольді енгізу арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасыз 30 қызмет қолжетімді екенін халыққа жеткізуіміз қажет.                  

 

Аталған 30 қызметтің түрі:

Бір реттік пароль бойынша мемлекеттік көрсететін қызметтердің тізбесі:

1. Мекенжай анықтамасын алу;

2. Жеке тұлғаларда жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру;

3.   Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;

4. Жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған  құқықтар туралы  анықтамалар беру;

5. Жылжымайтын  мүлiк  объектiлерiнiң  техникалық  паспортын беру;

6. Жылжымайтын  мүлiк  объектілеріне  техникалық паспорттың телнұсқасын беру;

7. Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қосаалғанда, тіркеу органмен  бекітілген тiркеуiсi құжаттарының  көшiрмелерiн  беру;

8.Жылжымайтын  мүліктің меншік иесі (құқықиесі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру;

9. Жылжымайтын мүлікке құқық белгiлейтiн құжаттың  телнұсқасын алу;

10. Жылжымалы мүлік кепілінің  тізілімінен үзінді беру;

11. Мұрағаттықа  анықтамалар беру;

12.Заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдарын (өкілдіктерін) есепті тіркеу туралы анықтаманы  алу;

13. Тіркелген  заңды  тұлға, филиал немесе  өкілдік  туралы  анықтама беру;

14. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтама беру;

15. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;

16. Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы анықтама алу;

17. Заңды тұлғаның барлық тіркелген әрекеттері туралы анықтама алу;

18. Көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы анықтама беру;

19. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы анықтама беру;

20. Заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру;

21. Некеге тұру туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру;

22. Әкелік құқықты бекіту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу;

23. Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру;

24. Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

25. Некені бұзу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру;

26. Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу;

27. Аты, тегі, әкесінің атының ауысқаны туралы анықтама алу

28. Некенің   бұзылғаны  туралы  анықтама  алу;

29. Некеге  тұру  туралы   анықтама беру;

30. Туутуралы  анықтама  алу.

 

Үйден шықпай-ақ,  бір реттік пароль арқылы 2 минут ішінде өзіңізге қажетті қызметті алуға болады!

 

1. www.egov.kz порталына кіру алгоритімі

Ø Компьютеріңіздің басты бетіндегі келесі браузерлердің бірін ашыңыз        

 

Ø Клавиатураны ағылшын тіліне аудару арқылы egov.kz мәтінін адрестік жолаққа теріп, «Enter» батырмасын басыңыз

 

Ø Порталдың жоғарғы жағындағы «Кіру» батырмасын басыңыз

 

Ø «Бір реттік жасырын сөз» бөлімін таңдап, жолақтарға ЖСН және телефоннөмеріңізді теру арқылы «Код алу» батырмасын басыңыз

 

Ø Телефоныңызға келген кодты жолаққа теріп, «жүйеге кіру» батырмасын басыңыз.

 

Сіз EGOV-порталына кірдіңіз, енді өзіңізге қажетті 30 қызметті бір жолғы жасырын сөз арқылы ала аласыз!

 

2. Мысалы: «Мекенжай анықтамасын алу» қызметінің алгоритмімен танысыңыз!

Ø Төменгі жақта орналасқан «Мекенжай анықтамасын алу» қызметін шертіңіз

Ø «онлайн сұрау» батырмасын басыңыз

Ø «өзіңізге», «балаңызға» немесе «жұбайыңызға» пунктілерінің біреуін таңдап, «қол қою және анықтама алу» батырмасын басыңыз

Ø «смс – құпия сөзін қолданып, қол қою» батырмасын басыңыз

Ø «кодты алу» батырмасын басыңыз

Ø Ұялы телефоныңызға келген кодты жолаққа теріп, «кодты тексеру» батырмасын басыңыз

Ø «Мекенжай анықтамасы - қаз» батырмасын басыңыз

Осымен мекенжай анықтамасы дайын, анықтаманы жүктеп не қағазға шығарып алыңыз

 

Аудан  әкімі аппараты, ақпараттық

қауіпсіздік, ақпараттандыру  және

мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі

бөлімшесінің басшысы                                                                Б.Момынов

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 109 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/