wrapper

Жаңалық

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА

ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА

2019 жылдың 6 маусымында Қазығұрт ауданы, Қ.Абдалиев ауыл округінде нөсер жаңбыр жауды. Дәлірек айтсақ, Қыдыр Мәмбетұлы ауылында сағат 16.00-де бұршақ аралас жаңбыр жауып, тұрғындарды әбігерге салған. 

20-25 минуттай уақытта сай-саладан аққан судың деңгейі Қазығұрт-Шымкент бағытындағы асфальт жолдан асып өткен. Осындағы Қ.Сатыбалдиев көшесі бойындағы 4 үйге, 100 орындық балабақшаның 3 бөлмесіне және 10 қосалқы қора жайлардың ауласынан су ағып өткен. 

Аталған оқиға болған жерге аудан, ауыл әкімдіктері, құқық қорғау органдары мен төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері жедел жетіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Қалпына келтіру және судан тазалау жұмыстарына төтенше жағдай қызметкерлері мен ауыл тұрғындарынан құралған 60 адам жұмылдырылды. 4 техника мен 2 су соратын насос қолданылып, судан тазартылды. Арық-атыздар да тазаланды. 

Адам және мал шығыны жоқ. Тұрғындар Қазығұрт жалпы орта мектебіне орналастырылып, жатын орындармен қамтылды. Оларға 10-нан астам орын әзірленген. Тұрғындар азық-түлікпен қамтамасыз етілді. 

Бүгінде арнайы құрылған комиссия келген шығынды анықтау бағытында жұмыс атқарып жатыр. Жергілікті әкімдік тарапынан тұрғындарға толық қолдау көрсетілуде. Екі-үш күн көлемінде баспаналар қалпына келтіріліп, тұрғындар үйлеріне оралады деген сенім бар. 

Толығырақ

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 2020 ЖЫЛЫ АЯҚТАЛМАҚ

Түркістан қаласы үшін 2019 жыл «Жастар жылы» ғана емес, құрылыс жылының қызған шағы. Алып құрылыс алаңына айналған облыс орталығында еліміздегі ірі құрылыс компаниялары киелі шаһарды түлету жолында күндіз-түні тер төгуде.

Соның бірі – «BI CONSTRUCTION TURKESTAN» компаниясы. Мердігер мекеме биылғы жылдың сәуір айынан бастап «Ұлы Дала Елі» орталығының құрылысын жүргізуде. Нысан келесі жылға өтпелі. Нақтырақ айтсақ, Атырау облысы әкімдігінің сыйы – 2020 жылдың қыркүйек айында аяқталуы тиіс.

Жоба жетекшісі Айгуль Бапишеваның айтуынша, 0,8 га жер телімінен бой көтеретін орталықтың көлемі 6200 шаршы метр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары өз кезеңімен жүріп жатыр.

Толығырақ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ КӘСІПКЕР 10 ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында еңбегі мен іскерлігінің арқасында кәсіптерін дөңгелетіп отырған азаматтар жетерлік. Әрбір уақытының қадірін жете түсіне білген олар қазірде кәсіпкерлерге айналған нағыз белсенді тұлғалар. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жомарт жүрек» базалық жобасы аясында аудандағы кәсіпкерлер мен демеушілер тарапынан аз қамтамасыз етілген, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, жалғызілікті қарттарға көптеген көмектер берілуде.

Осындай нар тұлғалы азаматтардың бірі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы, кәсіпкер – Сырым Ертаев. Ол өз есебінен 2017-2018 жылдары тұрмысы төмен Алтынтөбе ауыл округінен 2 отбасыға, Қарабау ауыл округінен 3 жанұяға, Жаңабазар ауыл округінен 2, жалпы 7 отбасыға үй салып берген. Және биылғы жылы да бұл қайырымды ісін жалғастыра отырып жуық арада Жігерген ауыл округінен 1, Қазығұрт ауыл округінен 2, жалпы 3 жанұяға баспана тартуетпек.

Сонымен қатар, кәсіпкер мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті, әрі ерекше айы – Рамазан айында аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 500 отбасыға азық-түлік үлестіріп, 5 млн. теңге көлемінде көмек көрсетті.Барымен бөлісуді мұсылмандық борышы деп ұғынған жаны жомарт жан осылайша ізгілік жасауды дәстүрге айналдырған.

Толығырақ

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 47 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/